Жазыпсың хат өлеңмен – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Жазыпсың хат өлеңмен» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 962
Жазыпсың хат өлеңмен
Сәбиі жырдың, шырағым!
Шыбықтай жаңқа көгерген
Бейкүнә сенің сұрағың.
«Ақындық жолы қиын ба?»
Оған жауап айта алман.
Жарасар біздің ұйымда
Сөйлесе басқа майталман.
Үстінде сымның қалтылдап
Ойнаған циркач секілді,
Ақынға ерме жалтылдақ,
Екен деп фокус өтімді.
Емеспін әккі тренер,
Үйретер жоқ тәсілім.
Өмір – майдан, кіре біл,
Жауынгср бол да, жас інім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері