Шықпайды жас көзімнен – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Шықпайды жас көзімнен» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 1
  • 1072
Шықпайды жас көзімнен,
Боздайын десем.
Артылмас шер өзімнен,
Қозғайын десем.
Жылап тұрып, күлсең сен.
Күлкіңді кешірем,
Күліп тұрып, еңіресең,
Тағдырға өшігем!
Жылаудың сырын мен білем,
Көзіме жас іркілген.
Бақастан жорта кем күлем,
Садаға кетсін күлкімнен!
...Өмірді мен түсінем,
Өмірім мені түсінбес.
Аспаймын тең кісіден,
Кескіні келсе пішімдес!


Пікірлер (1)

Нұрс

Әдемі супер рахмет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері