Түнде – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Түнде» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 990
... Дала суық.
Әншейінде шулайтын қала – сұлық.
Терезеден телмірем тысқа қарай,
Бірдемені күбірлеп, данасынып...
Мен сияқты көктемін күте ме екен -
Бүрсеңдейді гүлзарда дара шыбық.
Әнебір жан қашанғы тұрар екен,
Әлдекімді күтумен таң атырып...
Сұр көшенің шамдары сығырайып,
Аспаннан Ай төніп тұр жағы ашылып.
Тереземді соғады қайта қайта,
Шұбар қанат көбелек аласұрып.
Ұйқым қашып отырмын, ойға батып,
Мойыныма мешел-мұң тағы асылып.
Тарқатылмай тұрғаны-ай жақсы жырдың,
Қаламымның ұшында оратылып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері