Журналист сөзі – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Журналист сөзі» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1737
Газетім, ой жарығын
Зердеме жұлдыздай жаққан,
Бip сенің аналығың —
Өзіме өлгенше мақтан.
Қарамай атқан оққа да,
Ұқтырып жеңістің сырын,
Мен жатқан окопқа да
Келуші ең өзгеден бұрын.
Егер жұрт газетім деп,
Қолына ап оқыса дәйім,
Жүрегім алдына кеп,
Әpiп боп түсуге дайын.
Еңбегім, қызығыммен,
Өмipiм де дүниеден менің
Жолыңмен, сызығыңмен
Өтер тек бетіңде сенің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері