Ұрпақ үні

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 973
(Абайдың 100 жылдығына)

Әзелден сенің әніңнің
Саздарын сүйіп әр түптен,
Қазағы Семей, Нарынның,
Жырларыңды айтты тәртіппен.
Шешекем қозғап бeciктi,
Ұйықтасам жырың толғады.
Өмipгe ашып ecіктi,
Жанымды саған жалғады.
Одан соң жаттап партамда
Жалынмен жазған мұраңды.
Гүл жайнап өстім ортамда
Жанымдай маған ұнамды.
Өзіңше сүйіп білімді,
Біз өстік совет елінде.
Өзен, тау алды тілімді,
Өзгерді сары белім де.
Партиям алда — күн көсем —
Мен туған елдің жүрегі.
Мен ылғи шаттық күн кешем;
Шаттық жыр —
Сәби жөргегі.
Ерлікке де үйретті
Жаңағы үлкен жүрегім.
Ұрынған жауды ол күйретті,
Жеңген соң шалқақ жүремін.
Жеңіске жалғап жеңісті,
Жайнатқан өмip жан рақат;
Сен басқан кеше жер үcтi
Жанарды, сүйді адамзат.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұрпақ үні өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Ұрпақ үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ұрпақ үні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұрпақ үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері