Ән қанатында – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ән қанатында» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1446
Бал сәби тәрізді бір жөргектегі,
Жасымнан ән мен өлең тербеп мені,
Көгершін көңіл соның қанатында
Арманға бастап алыс келмеп пе еді!
Аққу ән асқар барған, аспандаған,
Қай құз бар сен қалықтап қасқармаған!
Жалыңнан айырылмағам сайыпкердей,
Көзімнен шағында да жас парлаған.
Бұл күнде ақ тұйғын ән сынар қанат,
Қыруар өмір жүгін жүр арқалап.
Қияда құс қанаты жетіледі,
Тұрар ма шың аңсамай шынар талап.
Маған да ән ұсынады ақ қанатын,
Жайым жоқ іркілетін, тоқталатын
Асығам, үлгірмеген істерім көп
Сыры кеп өмірдің мен ақтаратын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері