Би Темірге айтқан бірінші толғауы
Аспанды бұлт құрсайды -
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды -
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды.
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды -
Күйбендескен көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды!
Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің,
Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
Білерді білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан Қағбамсың!
Алтынды кесе сары бал
Алсам, мен саған ұсынармын,
Тал мойныма қол артсаң,
Күліктен бек ұнармын.
Көбең семіз торыңмын,
Көп құлыңның бірімін.
Жақсыңнан мені кем көрдің,
Жаманыңмен тең көрдің.
Жақсыңнан мені кем көрсең,
Жаманыңмен тең көрсең,
Ұялы берікке қос артып,
Сен есенде, мен сауда
Ырысымды сындайын,
Сегіз қиыр шартараптан іздермін!
Еділден аққан сызашық
Біз көргенде тебінгіге
Жетер-жетпес су еді -
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе, Тәңірі етті!
Жағасына қыршын біткен тал еді -
Жапырағын жайқалтып,
Терек етсе, Тәңірі етті!
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде
Тең атаның ұлы едің,
Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті!!
Тобылғының берегі
Иіл болып беріш бітсе,
Айбар болар терегі.
Атаның ұлы жақсыға
Малынды бер де басың қос,
Бір күні болар керегі.
Бостаны бар-ды теректің,
Болаты бар-ды беректің,
Тұсыңдағы болған нартың қорлама,
Тұсыңдағы болған нартың қорласаң,
Табылмас-ты керекте.
Айдын шүйсең - тарлан шүй,
Көтерілген сона құтылмас.
Жауға кисең - берен ки,
Егеулеген болат өте алмас.
Есендікте малыңды бер де батыр жи,
Басыңа қыстау іс түссе,
Дұспанның қолы жете алмас!
Бар күшіңді сынамай,
Балуандармен күреспе -
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың күлемге.
Ақылсыз достыдан
Ақылды дұспан артық-ты,
Дұспаныңнан бір сақын.
Елі ішінде айқасып,
Ойнап жүрген достарыңнан мың сақын.
Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа.
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман айғақ болар басыңа.
Жақсы да келер бұ көпке,
Жаман да келер бұ көпке,
Түгел іс қойып болмас бір кепке.
Сен - алтынсың, мен - пұлмын,
Сен - жібексің, мен - жүнмін,
Сен - сұлтансың, мен - құлмын,
Сен - сұңқарсың, мен - қумын,
Жемсауыңа келгенде,
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!
Саған дұспан - маған жау,
Керекті күні алдында
Ғазизленген сұлтан жаным аяман!!
Амангул Султанова
Рахмет сіздерге тез әрі толық тауып береді екен. Сабағыма керек еді. 5 алдм ураааа рахметтт!!!!
Кожаберген Нурбек
Маган оте уннады тамаша
Мадина
Маган yнады
Мариям
Керемет
гулназ
өте керемет
гулназ
кушты
Аружан
Өте жақсы маған ұнады
Анелья
Кишкене дурис жазыныздаршы ....баска жырларын асиресе
нурсулу
бары керемет айтылган
ерзат кулмаганбетов
коркемдик курал барма
Алина
түсінікті
Серик
Бәрі тамаша
Жанар
отееее керемет жазылган
Думан
керемет
Aryzhan.
Рахмет сізге
Δάyά
Екінші толғауы бар ма?
Абил
Керемет екен
Бұлғын
Админ сізге көп көп рахмет
Сұлтан
өте онша емес
Дидар
Керемет екен
Ерасыл
Керемет рахмет
Жұлдыз
Керемет, керемет!!!!!
Балжан
Керемет екен!!
Акмаржан
керемет
Салтанат
Керемет маған унады. Сабағыма керек еді рахмет!!!
Бексұлтан
Рахмет
Ахат
Бұл бірінші толғауы емес пе?
Жанарыс
Әдемі айтылған сөздер
Asilim
Ote keremet.Magan katti unadi
Asilim
Ekinshi tolgauin bola ma?
Жанболат
Екіншісі барма
Ләззат
Рахмет
Би Темір туралы дпрек берсеңіздер
Өмірінен
Томми
Админ екыншы толгау неге жок?
Балауса
Рахмет өте керемет
Ажар
Такырыбы мен идеясын айтасыз ба?
Самғат
Ажармен келісем тақырыбы мен идеясы керек болып тұр
Сандугаш
Осы толґаудын идеясы керек
Ләйлә
Өте кушты
кулпынай
оте тамашааааа
Дилья
Керемет деп ойлаймын тамаша айтылган