Сезім – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сезім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 854
Еркін жел сәбидей еркелеп оятқан
Таң гүлімісің!
Көктемнің әлемді жасылға боялтқан
Жаңбырымысың!
Жандыға нәр болып құйылған
Күн Нұрымысың!
Бұлбұлдың тыңдаушы ұйыған
Сырлы үнімісің!
Әйтеуір сүйемін шолпы үні
Сыңғырын үшін!
Сүйемін теңіздің толқыны —
Мың қырың үшін!
Сүйемін асауды алдында сызылтар
Сиқырың үшін!
Бал шырын бүлдіршін қыз іңкәр
Бір сырың үшін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері