Көгілдір кеште самала болып шам жанған – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Көгілдір кеште самала болып шам жанған» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 587
Көгілдір кеште самала болып шам жанған,
Қанатын жайып ұша алмай құс боп қалды арман.
Қалғумен қалған қараңғы түннен жалықтым,
Ақ сәуле көргім келеді менің таңдардан.
Жанымды менің жатады ылғи мұң қарып,
Тал болып қалғым келеді желге ырғалып.
Тымырсық кеште тұншықтым ауа жетпестей,
Тұңғиық ойдан кетпесем болды жынданып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері