«Тәкаппар-ақ» болайын талғамым көп – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте ««Тәкаппар-ақ» болайын талғамым көп» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1053
«Тәкаппар-ақ» болайын талғамым көп,
Талғап, таңдап өмірден алмағым көп.
Өзгеге бол айлалы қызыл түлкі,
Мәз бол да жүр аңқауды алдадым деп. 
Болмай жұлдыз сен айтқан аспандағы,
Мұз болайын ерімес асқардағы.
Айнымасым – сұлу ән, қанатты жыр –
Маған берген тағдырдың асқан бағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері