Ол өзгерген

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Бәріне сыйлап жүректің әнін,
Сыйладың тағы сезімнің нәрін.
Өзектен теуіп өзгесі келсе,
Көрдің-ау сенде өзіңдей бәрін.
Сетінеп кетпей сен әлі жүрсің,
Біреуге тікен, біреуге гүлсің.
Ғұмырың нәзік нұр болар еді,
Бұзылып кеткен өзіңнен көргің.
Қызығып бірге қосылып екі,
Болғандай жігіт саған темекі.
Күймей-ақ қалай жүр екен жаның,
Салғаның жара қанша ма еді.
Қиылып тұрып, қиятын едің,
Басуға отты шебер-ақ едің.
Жүрегің неге тас болып қатқан,
Оттарың қайда, басып жүретін.
Жүрегің өлген, білмеймін неге,
Қаққандай сына, жаныма шеге.
Жайдары едің, жайқалып өскен,
Ол кейпім енді бұзылды деме.
Білместік шығар дейді де тағы,
Айтудан әсте талмайды жағы.
Құр босқа сөйлеп арыңды сатпа,
Сатуға лайық болса да бәрі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ол өзгерген өлеңінің авторы кім?

Бибіт Нұрмұхан — осы өлеңнің авторы.

Ол өзгерген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ол өзгерген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бибіт Нұрмұхан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ол өзгерген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері