Біз отызды барамыз ау еңсеріп – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Біз отызды барамыз ау еңсеріп» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 823
Әлде неге іштей ғана елігем,
Жүрегімді үнсіздікке телігем.
Күз келгенде құлазиды көңілім,
Аққу қаздай айдыннан жеріген.

Бозғылт аспан жанарына мұң тұнып,
Боз тұманнан шыға алмадым жұлқынып.
Жүрегіме тоң боп қатқан түйір мұз,
Тамшы жас боп шашырады бір тұнық.

Тыржалаңаш қайыңдар тұр теңселіп,
Құлап түскен жапыраққа жер серік.
Уақыт шіркін ескерілмей елеусіз,
Біз отызды барамыз ау еңсеріп…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері