Жүрегімді шомылдырып шуаққа – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Жүрегімді шомылдырып шуаққа» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 700
Ақ бұлттарға оранып ап түсімде,
Шексіздіктің әлемнің ішінде.
Жүрегімді шомылдырып шуаққа,
Ғұмыр кешем бұлдыр қиял пішінде.

Жұдырықтай жүрек деген түрменің,
Тұтқыны едім,ішке жұтқан түн демін.
Күрсінтеді желмаядай желісті,
Зулап өмкен күндерім…
Жүріп өтті замананың көші мың,
Жаратқаннан сұрайтындай кешірім.
Ғасырлардың көмейінде тұншыққан,
Бір ғаріптің жазбақ па екен есімін.

Мәңгіліктің өшпес жырын жазамын,
Ең ғажайып, менің тәтті азабым.
Сәулелерін шашыратты Ай сұлу,
Сездірмекке ғажабын…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері