Көкжиекке қызарып, сіңіп кетті қарбыз күн
Бұл бетте «Көкжиекке қызарып, сіңіп кетті қарбыз күн» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкжиекке қызарып, сіңіп кетті қарбыз күн,
Өзегімді өртейді сағыныштай жалғыз мұң.
Көшіңді жолда қалдырмас, қажыры бекем нар қызбын,
Жанына дауа кім табар,
Жатбауыр болған жалғыздың.
Түннің қара шуалшаң етегіндей түрілген,
Үкі болып тіл қатам тәңіріме уілмен.
Үмітімді өңгеріп үнсіздікке жұтылам,
Сырымды айтып шағынып, құшақтасам іңірмен.
Айдың сүйіп ажарын, жұлдыздарға тамсандым,
Сұлулықты жыр етіп, бар әлемге жар салдым.
Жүрегіме жинап ап бар махаббат жылуды,
Тебірене теңселіп әдемі бір ән салдым.
Шөліркеймін кей шақтар, ой өлкесін кеземін,
Сыздап кейде жүрегім өртенгенде өзегім.
Қарсы жүзем ағысқа, дауылды да елемей,
Буырқанған тірліктің кешіп өтіп өзенін.
Көкжиекке қызарып сіңіп кетті қарбыз күн,
Өзегімді өртейді сағыныштай жалғыз мұң,
Көшіңді жолда қалдырмас, қажыры бекем нар қызбын,
Жанына дауа таба алмай, жатбауыр болған жалғызбын...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі