Салдыртып сандал керді сабыламын

Бұл бетте «Салдыртып сандал керді сабыламын» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 706
Салдыртып сандал керді сабыламын,
Шарқ ұрам жамалса егер жаныма мұң.
Кезбе бір планета секілденіп,
Кездейсоқ кедергіге шағыламын.
Құрысын бұла сезім құлыптанған,
Бұл әлем – қара ертінді тұнып қалған.
Әкелші сандал керді әбзелімен,
Түк шықпас байлай беріп, суытқаннан.
Көз салып қайтайыншы маңға мынау,
Түскенін жаратпаймын жанға қылау.
Ғарыштың кемесі екен, пырақ емес,
Мінетін ауыстырып алдағы лау.
Тимеші бұдан былай шамға, жаным,
Ат еді, темір емес таңдағаным.
Көрмей-ақ Ай ажарын қояйыншы,
Алмаңдар, шаужайынан шал-бабаның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Салдыртып сандал керді сабыламын өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Салдыртып сандал керді сабыламын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Салдыртып сандал керді сабыламын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Салдыртып сандал керді сабыламын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері