Шырағым менің, шырағым – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Шырағым менің, шырағым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1248
Шырағым менің, шырағым,
Жаныңды басқан сірә мұң.
Жойдасыз болды
Төтеннен
Ойланбай қойған сұрағым.
Кеудеңді керсе нала-мұң,
Уайымы артса сананың.
Тар болып кетер дүние,
Кеңдігін қайтем даланың.
Шырылдап қалар боздақ үн,
Боздаған үнді созба дым.
Кездейсоқ келіп төтеннен,
Дертіңді кенет қозғадым.
... Сенің де тулар жүрегің,
Мен де өксіп өмір сүремін.
Сен батсаң мұңға құсалы,
Мен шегіп сорды жүремін ....


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері