Ақ дала. Баран атты андыздаған – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Ақ дала. Баран атты андыздаған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 798
Ақ дала. Баран атты андыздаған,
Барады бөрі қашып, шалғызбаған.
Күлікпен жирен қасқа құйғытамын,
Алдына бір де жылқы салғызбаған.
Оппаны жануарым елең етпей,
Даланы тұйяғымен төбелеп дөй.
Соңына түйдек-түйдек қар шашады,
Танаудан бу атқиды ебелектей.
Зытады бөрі түзде тас сағалап,
Араны жақындатып тастаған ат.
Әлде арлан бойын сала қашпайды ма,
Соңында қуғыншыны жасқа балап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері