Москва көшесінде – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Москва көшесінде» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 830
Москваның көшесінде
Шомып тәтті ойға не бір
Келе жатыр, түсті есіме
Жырдай сұлу сүрген өмір.
Сезімімді самғатқандай
Сүйіп беттен көктем лебі,
Жаныма жыр жалғатқандай
Ой әлдилеп кетті мені...
Шырын өнер өлең десем, –
Шырайы оның шіркін шындық, –
Деп ойладым өнерді әсем.
Шырқа шабыт биік шың ғып
Жалаң айғай, жалған бояу
Өнерді жұрт етер күлкі,
Өмірдей шын жаны ояу
Болсашы ол көтеріңкі! –
Деп, жиғанша ойдың ұшын
Шағында осы шаңқай талтүс, –
Граниттен құйған мүсін
Қарсы алдымда тұрды Маркс.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері