Сағым

Бұл бетте «Сағым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1076
Сағым, сағым ...
Алыстан мұнартасың,
Көрген көзге беймәлім мұң артасың.
Сардалаға таратып сағынышты,
Ғайып болып кетуге құмартасың.
Теңіздейсің тасыған кенереңнен,
Бірақ ада, толқының кемелерден.
Ғашықтардың көз жасы десе біреу,
Күмәнсіз-ақ сол сөзге сенер ем мен.
Құбылыс жоқ жалт еткен тақа мұндай,
Көгілдірсің сәуірдің шапағындай.
Бұлдыраңдап барасың бұйраланып,
Қарт «Жоңғардың» ақ күміс сақалындай.
Шу асаусың кеткен бір құрық көрмей,
Ақсуымдай тасисың ырық бермей.
Жоғаласың кей сәтте,
Сен сияқты,
Көкейімде бір үміт жүріпті өлмей.
Сағым-сезім жүректе мелдектеген,
Өлең – бұлақ, бір қанбай шөлдеп келем.
Сағымданып алдымнан жыр әлемі,
Көрінесің арман боп мен жетпеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағым өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Сағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері