Қырық темірдің қылауы

Бұл бетте «Қырық темірдің қылауы» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 732
Қырық темірдің қылауы.
Қырқысқан халық.
Кемпірлер жүр ғой қоярдай жыртыстан қалып.
Шіретті көрсе өңмеңдеп, ержеңдеседі,
Қайтсін-ай байқұс, заманы тұр қыстап анық.
Ауыр-ақ тұрмыс. Көбейтті құшыныштарды,
Алдады жұртты – бар «өнер». Түсімі ұшталды.
Ілдалдалаған күйреді:
Көпірме сөздер
кетті ұшып көкке, жайына ұсыныс қалды.
Пәңгіді пенде көшеде әңгүдіктеніп,
Жапырақтардай қурады сәнділік семіп,
Компартия анау арына тұншығып өлген,
Емпеңдеп еріп келіп ек мәңгілік сеніп.
Алдандық сөйтсек, жүріпті саудамыз «көкте»,
Түсінбей айбат шегіппіз жауға біз текке.
Сатылған бәрі жасырын, «Еңбек ері» де,
Құдайсыз сөйлеп, айтпадық «тәубамыз» деп те.
«Элита сауда» жылыстап, жығылды жерге,
Мықтылар өзін атты да, «тығылды» көрге.
Бүгінгі күнде базаршы халықтың бәрі
Ақшаңды берсең бере бер – құныңды берме.
Таңдану бекер.
Шығарды сақал қажалап көсесі беттен,
Былыққа толы қаламның көшесі неткен.
Әумесер сатты ордендер...
Әулекің алды,
«Қызыл жұлдызын», «Ленинді» ...
Есесі кеткен.
Қырық темірдің қылауы – торабы жолдың,
Қазағым жүдеу, сананың сорабы солғын.
Қайыр тілеу де – бизнес, нарықта мынау,
Басым – бас емес, қара мұң қорабы болдың.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырық темірдің қылауы өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қырық темірдің қылауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырық темірдің қылауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырық темірдің қылауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері