Тездетіп жігіт күнім өтіп кеттің

Бұл бетте «Тездетіп жігіт күнім өтіп кеттің» атты Базар Оңдасұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3876
Дүние, әттең әуре еттің мені,
Көп қудым әуре болып залым сені.
Бір күні санды соғып, «аһ» ұрамын,
Көшкен соң жігіттікің керуені.
Көшкен соң керуені жігіттікің,
Жігітке пайдасы жоқ көп біліктің.
Тұсынан қызды ауылдың өлеңдетіп,
Жош етіп, қызыл тілім, сен желіктің.
Жош етіп сен желіктің, қызыл тілім,
Жігітке пайдасы жоқ асқан білім.
Жапанда ақ киіктің сүргініндей,
Тездетіп кеттің өтіп, есіл күнім.
Тездетіп, есіл күнім, өтіп кеттің,
Сен шіркін, бізден өтіп кімге жеттің?
«Мен сенен айырылмайтын!» дейтін едің,
Опасы жоқ екен ғой айтқан серттің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тездетіп жігіт күнім өтіп кеттің өлеңінің авторы кім?

Базар Оңдасұлы — осы өлеңнің авторы.

Тездетіп жігіт күнім өтіп кеттің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тездетіп жігіт күнім өтіп кеттің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Базар Оңдасұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тездетіп жігіт күнім өтіп кеттің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері