Еркеле, жаным, жарым – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Еркеле, жаным, жарым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1584
Еркеле, жаным, жарым,
Сүйкімді қылығыңмен.
Білесің сарын барын,
Жалғасқан ұлы күнмен.
Ол біздің өмір айдын,
Болмашы мұнарланған.
Тым ерте жорымайын,
Бір бақыт шығар алдан.
Дәл қазір жадаумыз тым,
Қиындық қара-құрым.
Адалдық – жалау біздің,
Білдірген саралығын.
Еркеле, жасымағын,
Бақытты күйге енеміз.
Қонбасын басыңа мұң,
Қашанғы күйзелеміз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері