Тана көзің мөлдіреп, жас тамады – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Тана көзің мөлдіреп, жас тамады» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1446
Тана көзің мөлдіреп, жас тамады,
Тоты көңіл бұйығып, пәс болады.
Сүдініңде сұлулық сұқтандырар,
Елестетер қылығың жас баланы.
Кеттім екен білмеймін қайда лағып?
Бара жатыр махаббат майданы алып.
Сәл ұзасам өзіңнен сағынамын,
Жақындасам туады байбалам, ұқ.
Парасаттық кеткен бе майдаланып?
Түсінбеймін ештеме, ұғынбадым,
Қадамашы көзіңнің сұғын, жаным.
Төрт мезгілде өзгерер ор қояндай,
Саған жайсыз тиді ме, құбылғаным?
Бәрі менің қолымда емес, күнім,
«Пешенеге жазылған ...» көп естідім.
Сағынамын бәрібір зарығамын,
Құлағымнан кетпейді көмескі үнің.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері