Қоянкөздерің қиылып маған – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қоянкөздерің қиылып маған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 809
Қоянкөздерің қиылып маған,
Дір етті жүрек секемшіл.
Ессіз сезімдер бұйығып қаған,
Есейіп кеттік, көкем, шіл.
Жөңкиді бұлттар санаға дық сап,
Әлдебір алау маздаған.
Өмірге мынау қанағат – ұқсақ,
Болуды бірге жазбаған.
Боркемік деме босаған мені,
Шынында сұрым сабалақ.
Бақыттың бәрі босағамда еді,
... Екі түп қурай жаман-ақ...


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері