Өлең, жыр, ақындар

Қулық

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 685
Ала сиыр желiндеп,
Туатын күн тақады.
Атам оны ерiнбей,
Көрiп келiп жатады.
Бұзауына сыз өтiп
Қала ма деп қорқады.
Көзiн iлмей күзетiп,
Атады оның əр таңы.
Сиыр сөйтiп бiр күнi
Бұзау тапты балықтай.
Өзi тiптен сүйкiмдi
Қарай бердiк жалықпай.
Киiз таңып тастадық,
Арқасына тоңар деп,
Сүтке тоя бастадық,
Көршiлер де алар кеп.
Апам сиыр сауатын,
Мен «бұзауды салатын».
«Тарт!» дегенде бұзауды
«Əлiм жетпей» қалатын.
«Емсiн» деген сырымды
Апам сезiп қалатын
Жақтырмастан мұнымды
Ұрсып-ұрсып алатын
Ыза боп сол iсiме,
Нұқып менi өтетiн.
Сонда ғана күшiме
Күш қосылып кететiн.
Жанашыр сол iсiмнен
Болдым əбден «өлесi».
Осы бұзау үшiн мен
Көрiп жүрдiм «көресi».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болу үшін космонавт

  • 0
  • 0

«Болам десең космонавт,
Қиын өнер ол», – дедi.
Əкем: «Осы бастан-ақ
Есепке алғыр бол», – дедi.

Толық

Ретсіз қуаныш

  • 0
  • 0

Футболшы гол соқты,
Стадион қол соқты.
Қуанды ол, секiрдi
Жас бала секiлдi.

Толық

Балалық

  • 0
  • 0

Машинадан шықпай отыр Сарамыз,
Үш жасар қыз қылығына қараңыз.
Сиыр сүзiп алады деп қорқып тұр...
Ол сиырмен жүз метр жер арамыз.

Толық