Әзіл орнына – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Әзіл орнына» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2374
Мені жұрт дейді-міс майталман,
Ойларын өлеңмен айта алған.
Мен кейде қаламын сөз таппай
Адамдай шабыты ортайған.
Сыр бермей сыртымнан қомпайған
Жүремін кем соқпай сойқаннан.
Байқаймын, одан да шаршаймын
Әлсіздей болдырып жантайған.
Сеземін, Әбекең ортайған,
Әйтпесе шын - ақ ол қартайған.
Құлағын кердің бе қалқайған,
Мұрынын кердің бе қоңқайған!
Ағадан кешегі «майталман»,
Ойларын өлеңмен айта алған.
Бүгін де дәметіп көрейік
Күндерде күйісін қайтарған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері