Егіздер жыры – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Егіздер жыры» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 850
Бiрiмiзден
Аумаймыз
Бiрiмiз де,
Киiмiмiз,
Бойымыз,
Түрiмiз де.
Тысқа шықсақ,
Егерде
Бiз екеумiз,
Шатастырып,
Халықты
Мəз етемiз.
Керегi жоқ
Айнаның
Екеумiзге,
Бiр қарасып
Алған да
Жетер бiзге.
Қайда жүрсек,
Таңданып
Жұрт күледi,
Жұртқа күлкi
Сыйлауды
Кiм бiледi?
Бiз екеумiз –
Егiзбiз, жандай тату,
Егiз болу, мiнеки,
Қандай бақыт!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері