Өлең, жыр, ақындар

Сотанақ

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 664
Тартты қыздың бұрымын шырылдатып,
«Ақбоз» шапты,
Маза жоқ мұрында түк.
Бақалармен бір түсті шалшықтарға,
Кешіп жүрді осылай Нұрым бақыт.
Батпақ шашты бөгдеге тасаланып,
Байқап қалса мазақтап қашады анық.
Тақыр басын сипайды лай қолмен,
Ал қанына мәз-мәйрам маса қанып.
Күс балтырын содан соң қасып алып,
Жүре берді беталды басы маңып.
Арқандаулы бұзауға тап келді де,
Бұқа болып сүзісті «ашына» анық.
Мінді әлгіні тәтті ойын ширықтырып,
Ала қашты көк бұзау құйрық тігіп.
Оңқа-шоңқа құлады бөргезге кеп,
Тікенегі қадалды сүйрік-сүйрік.
Ауырсынды,
Бәлендей қиналмады,
Жыққанына торпақтың иланбады.
Балалардан жеңіліп көрмеп еді ...
Езуінен күлкісі жиналмады.
Тұра сала тартты кеп алаңқайға,
Бір қария: «Барасың, балам, қайда?» –
деп сұрады.
– Жігіттер анау жерде,
міне алмай жүр көтерем жаман тайға!
Кездесердей асығып жаңа бақыт,
Нұрым жетті
Иттерді
Абалатып.
Жасытқан ба әбден-ақ,
Қайқы құйрық,
Дүрегейлер батпады балаға түк.
Бәрі қорқып тұр екен дәті бармай,
Осқырады торы тай атылардай.
– Мен мінем! – деп,
шаужайдан ала берді,
– Мықты отыр! – деп, шалдар жүр, – қапы қалмай.
Тулады кеп тор қасқа, шыңғырады,
Төрт тұяғын аяусыз құмға ұрады.
Қалды қатып қос қолы қос тізгінге,
Баратқандай сарқылып, құрғыр әлі.
Тауға қарай әкетті
Ала қашып,
Жарысады иттер де жағаласып.
Жығылып ед бұзаудан жаңа ғана,
Болып апты әп сәтте бала машық.
... Сотанағың мектепті тәмамдаған,
Тағып апты галстук «жаман» балаң.
Іздедім мен сол күні
Бозбала емес,
Бір бұзықты
Етегі далаңдаған.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Бейнеуі жоқ, қасынамын сидаға

  • 0
  • 1

... Бейнеуі жоқ, қасынамын сидаға,
Әуем кетті, әулекіңді қинама.
Пәйтін таппай пәтшағарлық айланың,
Бір-ақ құлаш байланамын бұйдаға.

Толық

Ұғынбай бізді ғалам тұр

  • 0
  • 0

Ұғынбай бізді ғалам тұр,
Екеуміз ғана адасқан.
Жайдақтық көрдік жалаң құр,
«Саясатпенен» санасқан.

Толық

Тірлік құрсын түтеген қаңырығы

  • 0
  • 0

Тірлік құрсын түтеген қаңырығы,
Шырға тартып аштырмай қарымымды.
Көздің жасын шыра етіп шүпілдетем,
Сағыныштан баса алмай сарығымды.

Толық

Қарап көріңіз