Бейнеуі жоқ, қасынамын сидаға

Бұл бетте «Бейнеуі жоқ, қасынамын сидаға» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 993
... Бейнеуі жоқ, қасынамын сидаға,
Әуем кетті, әулекіңді қинама.
Пәйтін таппай пәтшағарлық айланың,
Бір-ақ құлаш байланамын бұйдаға.
Қайың саудым, қарамықты қайнаттым,
Бірді-бірге жалғастырып, жайдақ тым –
Күн кешіппін,
Кеңсірікті қаңсытып,
Мен өлген соң туса көрім, әйбәт күн.
Пәлсапаңның теріс келіп ботасы,
Беу, дариға-ай, бір болмады
Опасы.
Ақмұрттанбас кедей-кепшік көн киген,
Тісі сынық бүтінделмес соқасы.
Қанжыға – бос: қабақ кейіс тартады,
Көкіректе тауқыметтің бар табы.
Шипың байтал мінген бала секілді,
Абыздықтан ажыраған қарт, әне!
Әйел үнді ерде болмас ар, айдын,
Мінбелерге сауал көзбен қараймын.
Халық – бор да, кісәпірлік – тас кілең,
Салтанаты
Асқақтайды сарайдың.
... Бейнеуі жоқ, қасынамын сидаға,
Шу сүйреткен тұсақтайсың, Ми Дала.
Пәйтін таппай пәтшағардың тұрсың ба?
Өзегіңді өртеп мастық күй ...
Нала ...


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейнеуі жоқ, қасынамын сидаға өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Бейнеуі жоқ, қасынамын сидаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейнеуі жоқ, қасынамын сидаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейнеуі жоқ, қасынамын сидаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері