Адамға ала бөлмес қазынасын – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Адамға ала бөлмес қазынасын» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 876
Адамға ала бөлмес қазынасын
Жақсының өкпесінен назы басым.
Жаныңа жайма-шуақ жарық сеуіп
Жалт етіп бір қараса, жазыласың.
Жел үйір етегіне жеңіл жанның,
Жел тұрмай, дауыл соқпай неге ырғалдың?
Санаңды санға бөліп, сабыр таппай,
Саяқсып кеткеніңді көңілге алдым.
Асылдың білем, сен бір сынығысың,
Түбі жоқ тұма судың тұнығысың.
Жаныңды кім түсінер менен басқа,
Жаралған жарасымды ғұмыр үшін?
Мінгенмен жалқы жайдақ қиял – атқа
Шабарсың қайтіп қарсы қиянатқа?
Күніне жүз жығылып-сүрінсең де
Көңілге күдік-күмəн ұялатпа!
Желікті,
кім оңалар,
желге берсе?
Күңкілдеп, күнелтпелік пенделерше.
Жердің де өңі қашып, түсі оңбай ма
Желегі желбір-жекен кем көгерсе?..
Ез туып,
ерқашты боп,
екі өлмелік,
Болғайсың өз-өзіңе бекем-берік.
Арадан сынық сүйем сына тапса,
Кез келген екеумізді кетер бөліп!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамға ала бөлмес қазынасын өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Адамға ала бөлмес қазынасын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адамға ала бөлмес қазынасын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адамға ала бөлмес қазынасын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері