Өлең, жыр, ақындар

Шаңқ етті!

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 883
Шаңқ етті!
Қыран үні шатқалды ұрып,
Көңілді селт еткізіп,
Шаттандырып.
Көкжиек –
Мүлгіп тұрған дүр сілкінді,
Жатыр ма
Бір түлегін аттандырып?!
Қарағай тербеледі жасыл күрең,
Түрттім бе,
Аңдаусызда
Насырды мен?
Шатқалдан
Ауалайды кер бұғы ауық,
Жаралған тәңіріден асыл,
Бір ен.
Кеудесі қаңсыды ма
Шер-наладан?
Бір бақыт іздеді ме кер даладан?
Өкпесі көріктей боп,
Өкінгендей,
Бірдеме ұғынады –
Зерделі адам.
Тынысы табиғаттың
Құпиялы,
Төбемде бір тасжарған тұқияды.
Тартады шалғайымнан қалың бөргөз,
Тобылғы,
Қаптап өскен сықияды.
Шаңқ етті!
Қыран тағы,
Тастүлегім,
Бойымда қаным қайнап,
Тасты менің.
... Қайғымды қара суға
Ағызам да,
Бөркімді
Қиядағы тасқа ілемін.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Құлақтанып

  • 0
  • 0

Құлақтанып,
Аязға
Күн батады,
Түнде менің жұлдызым тіл қатады.

Толық

Қыздардан өрлік қалған ба?

  • 0
  • 1

«Қыздардан өрлік қалған ба?»
Мұңайып жүрсе таңданба.
Шын ғашық болған шығар ол,
Білдірмес бірақ, жалғанда.

Толық

Христиандар 13 санын сүймейді

  • 0
  • 1

Христиандар 13 санын сүймейді,
13 десең, бәлкім, үрей билейді.
Күйттегені қара басы, сол баста,
Тұрса-дағы мамыражай күй мейлі.

Толық

Қарап көріңіз