Бұрынғы дәуір болмай жүр – Базар Оңдасұлы

Бұл бетте «Бұрынғы дәуір болмай жүр» атты Базар Оңдасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3081
Шалқыған айдын шалқардай
Көл тартылды көзінен.
Сандуғаштай сайраған
Тіл тартылды сөзінен
Бәрі сондай, жігіттер,
Мәуріті өтсе басылар,
Әр нәрсенің кезінен.
Осы кезде баяусып,
Бұрынғы дәуір болмай жүр,
Базарыңның өзінен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері