Тағдырға тілек – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Тағдырға тілек» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 660
Жырым ғой тәтті мендегі нәзік сезімдер,
Болғанмен нәзік таусылған емес төзімдер.
От жырым қалсын жалынды жастық кезімнен,
Ей тағдыр маған сезімнің ғана өзін бер!

Қап-қара түнмен жұлдызың болып тілдесіп,
Жап-жарық күнде тауыңмен бірге мұң кешіп.
Көктемгі таңмен самалың болып үндесіп,
Кететін кұш бер табиғатпенен бірлесіп.

Тартпайын мейлі шаттықтың әсем сырнайын,
Шабыт бер маған бәрін де бәрін жырлайын.
Жүрегі жасыл ал өзі мәңгі кіршіксіз,
Сыбдыры ғажап болайын сырлы бір қайың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері