Сөкпе мені – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сөкпе мені» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 677
Қан көшеде жолықсаң қарсы маған,
Көрмегенсіп өтемін бұрылмаймын.
Қайсар жанға айналам сонда ғажап,
Ғайып болып кетеді мұңым қайғым.

Ал қасымда отырсаң назар салмай,
Қыймылыңды көңілмен күзетемін.
Сезімімді келмейді мойындағым,
Бұл мінезді мен қалай түзетермін?!

Хатың келсе қайтара хат салмаймын ,
Хаттарыңды күтемін тағы сенің.
Алыс кетсең қия алмай шырқыраймын,
Сағыныштың ағызып жаңбыр селін.

Өз жарамды емдейтін өзім біліп,
Тіпті ғажап мендегі төзімділік.
Атыңды атап түсімнен оянамын,
Елесіңмен кетемін көзімді іліп.

Сол ауылдың есімде көк терегі,
Өзегіме ойласам от келеді.
Арманым боп қаларсың қол жетпеген,
Бірақ саған ғашықпын.сөкпе мені


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері