Қоштасарда – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қоштасарда» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 592
Арманым менің жатқанда аппақ қыр асып,
Сендегі мұңдар мендегі мұңмен ұласып.
Отырдық бірдем көңілден ғажап сыр ашып,
Отырдық бірден жылама десіп,жыласып.

Жете алмай жүрген сеземін таңға түн ғашық,
Сондықтан ба екен жұлдыздар тұрды ымдасып.
Мен тұрдым қалқам өзіңді қыйып кете алмай,
Тастан да ауыр тамшылар көзде мұңдасып.

Жоғалды жұлдыз атуға таң да таяды.
Ақ сәуле маған қанатын аппақ жаяды.
Қош! дедім саған сол кезгі біздің тағдырды,
Шықтарын төгіп далада күзгі аяды.
Қимаймыз мүлде несіне енді қоштастық,
Тағдырдың қалай жоқ болып кеткен баяны?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері