Жүрекке арыз

Бұл бетте «Жүрекке арыз» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 802
Жылап қалды нәресте қалтаңдаған,
Кетті әкесі соңына жалтаңдаған.
Дәрухана.
Жүрген ем ауласында,
– Келе ғой, – деп шақырдым, – қалқам, маған.
Айғыз-айғыз өз ішім аяныштан,
Неткен мынау тірлік бұл баяны ұшқан.
Қолқа-жүрек барады суырылып,
Мені қойшы,
Сәбиді, ая мыстан.
Бода-бода көз жасын ірке алмайды,
«Әкең қазір келед» деп, жұрт алдайды.
Уанады нәресте
Өксіп барып,
Қан жылаудан өзегі бір танбайды.
Селт етпейді безерген мансұқ-ғалам,
Құр сүлдерім,
Кеудеден жан шықпаған.
Әлдекімнің жүрегі жібісе әттең,
Мейірімнен бір жола қаңсып қаған.
Ата-анасы жырақта
Құрақ ұшқан,
Келе алмайды …
Алаңдап жүр алыстан.
Қанын сорар айламен бас қаратып,
Ертектегі өлмеген сірә мыстан.
Ұлы жүрек,
Сезінсең елжірегін,
Қатыгез ғып қоймашы ел жүрегін.
Шыр-шыр еткен сәбиді уатумен,
Дәрухана сыртында мен жүремін.
Сен едің ғой бастайтын адалдыққа,
Шыға алмайтын тұйыққа қамалдық па?
Келе сала өмірге мұң кешеді,
Ұлы жүрек,
Осының адалдық па?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрекке арыз өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жүрекке арыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрекке арыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрекке арыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері