Тербелді әуен, беташар да

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 848
Тербелді әуен, беташар да
Айтылған,
Көгілдір түн, көкжиекте
Ай туған.
Қызу тілек жүректерден есті көп,
Сен бөлмедің тек біздерге
Айқын мән.
Желбіретті қосағым да желегін,
Ол күледі,
Мен қасірет шегемін.
Гитарыңды құшақтап ап ән салдың,
Өзің білдің,
Мен де білдім себебін.
Кешір мені, сезіміңді жай ұқсам,
Тағдыр-мұндар, табан кетті тайып сан.
«Бақытты бол» деп тұрдың ғой ішіңнен,
Жамалыңнан байқалғанмен айып-шам.
Мынау тірлік жеткізбейді қуғанға,
Ақық жасың дидарыңды жуған ба?
Өмірімнің бөлшегісің кішкентай,
Ғафу етші, артық айтсам бұлданба.
... Үйлену той тола түсті думанға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тербелді әуен, беташар да өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Тербелді әуен, беташар да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тербелді әуен, беташар да өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тербелді әуен, беташар да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері