Жүректің мынау жыртығын – Құралай Омар

Бұл бетте «Жүректің мынау жыртығын» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 713
«Жүректің мынау жыртығын, – деп ем, – жамашы»...
Ауысты айдың, айналды күннің жаңасы.
Хабарсыз жүрсіз көңілді неге қиратып,
Ұмытқансыз-ау шамасы.

Ақ таңда күнде үмітті құшып тұрдым да,
Құр сүлдер болдым, қиялым құлап құрдымға.
Жанымның мөлдір тамшыларымен жазылған
Құны да жоқ қой жырдың да.

Ішімде боран, далада бәрі мұз дейді...
Жаураған сезім сіз жақтан жылу іздейді.
...Дәл мендей адам көп шығар жердің бетінде,
Таба алмаспын-ау сіздейді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері