Айтшы, түндер, жазығым не? – Құралай Омар

Бұл бетте «Айтшы, түндер, жазығым не?» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1053
Айтшы, түндер, жазығым не?
Ояттың жұлқып жағамнан.
Бұл өмiрдiң жазы кiмде,
Қайда ұшып кеткен ақ арман?
Айтшы, түндер, жалқылығым ба,
Нелiктен жатам өртенiп?
Мiнезiм менен бар қылығымда
Болмады ма әлде еркелiк?
Айтшы, түндер, кiнәлiмiн бе,
Алдаса менi сағымдар.
Жоқ болса егер күмәнiң мүлде,
Айыптап, күйе жағыңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері