Тағы да мұңымды төгемін – Құралай Омар

Бұл бетте «Тағы да мұңымды төгемін» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 952
Тағы да мұңымды төгемін.
Не үшін жылаймын?
Білмеймін себебін.
Еңсемді езгенде өксіктің салмағы
Өзің кеп жұбатсаң деп едім.
Жоқсың сен... көнемін,
Жазмыш қой... көңілдің дегені болмаған.
Хат жазып жіберші...
Халімді сұрасаң, жетеді сол маған.
Үйренгем өзіңсіз өмірге –
Үнсіздік ұғады жанымды,
Қара түн сүртеді жасымды.
...Дәрменсіз екенмін,
Жанамын, күйемін...
Неліктен өзіңнің алдыңда иемін
Тәңірден өзгеге имеген басымды?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері