Телефон мүлде соқпаймын – Құралай Омар

Бұл бетте «Телефон мүлде соқпаймын» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 823
Телефон мүлде соқпаймын,
Сағынсам дағы, бiлiңiз.
Бар болсам да ендi жоқтаймын,
Өлсе де iшiм – тiрiмiз.
Көрсем... Өзiмдi соттаймын.
Түсiме ғана кiрiңiз.
Өзiммен өзiм егестiм,
Өмiрiмнiң деп ем жырысыз.
Аспанмен, Аймен теңестiм,
Таппадым ба екен дұрыс iз?
Мен сiзге ешкiм емеспiн,
Сiз – жүрегiмдi алған ұрысыз.
Сол ғана...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері