Мендегі иман сертім бұл!

Бұл бетте «Мендегі иман сертім бұл!» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 904
Қиялға қызықтап қалықтағанымда,
Пенделік жеңіп шарықтағанымда,
Рухым әлсіреп, арықтағанымда,
Сеземін
Бейшара екенімді
алып табаныңда.
Ерлікті көріп, еркіндегенімде,
Жеңісті көріп желпілдегенімде,
Думанды көріп, селкілдегенімде,
Есімді жиямын
Жүректің берген
сертін көремін де.
Сенсіз бәрінен тұл екенімді,
Шарасыз пенденің бірі екенімді,
Өзіңнің арқаңда тірі екенімді,
Мойындап,
Саған басымды ием,
Аллаһ,
Алдыңда құл екенімді!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мендегі иман сертім бұл! өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Мендегі иман сертім бұл! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мендегі иман сертім бұл! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мендегі иман сертім бұл! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері