Өзгенің қолында жүр еркіндігім – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Өзгенің қолында жүр еркіндігім» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 736
Бұл күнде білер дейсің сертімді кім?
Іздеген жиһанкезбін жер кіндігін.
Өзіме қайтаруға тиістімін,
Өзгенің қолында жүр еркіндігім.
Ей, менің еркіндігім шырылдаған,
Талықсып, ауызда қан, мұрында қан.
Өксітіп ғұмырымды өткізем бе,
Тоғышар арасында ырылдаған?!
Пенделер басыма әуре үйді кілең,
Жөніне сала алмады миды бір ем.
Өтуге борыштымын екі өмірде,
Тек қана бір Алланың билігімен.
Қолың тарт, қоқаңбайлар, әуре етпегін,
Сәнденген қызықтырмас сәулеттерің.
Жаратқан өзі ғана билеп-төстер,
Жаны пәк Байтұрсынның Дәулетбегін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзгенің қолында жүр еркіндігім өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Өзгенің қолында жүр еркіндігім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзгенің қолында жүр еркіндігім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзгенің қолында жүр еркіндігім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері