Бұл бетте «Өзгенің қолында жүр еркіндігім» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл күнде білер дейсің сертімді кім?
Іздеген жиһанкезбін жер кіндігін.
Өзіме қайтаруға тиістімін,
Өзгенің қолында жүр еркіндігім.
Ей, менің еркіндігім шырылдаған,
Талықсып, ауызда қан, мұрында қан.
Өксітіп ғұмырымды өткізем бе,
Тоғышар арасында ырылдаған?!
Пенделер басыма әуре үйді кілең,
Жөніне сала алмады миды бір ем.
Өтуге борыштымын екі өмірде,
Тек қана бір Алланың билігімен.
Қолың тарт, қоқаңбайлар, әуре етпегін,
Сәнденген қызықтырмас сәулеттерің.
Жаратқан өзі ғана билеп-төстер,
Жаны пәк Байтұрсынның Дәулетбегін.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі