Жердің құрты – пенделердің бірімін – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Жердің құрты – пенделердің бірімін» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 830
Жердің құрты – пенделердің бірімін,
Күндерімнің бірі кірбең, бірі мұң.
Мөлдірімді сыйлайыншы дегенше,
Шашады олар басыма кеп іріңін...
«Айналайын», «кешіріңіз» – сөз өлген,
Қыршып тілді қиналсам да төзем мен.
Көздерінен өшпенділік оты ұшып,
Қабағы ызғар, еріндері кезерген.
Ілтипатпен сыйластығың жоқ бүгін,
Құрбан шалған кебін киді тоқтының.
Жан дүниені ашаршылық жайлаған,
Неге керек киім, асың, тоқтығың?!
Мен біреуді өкпелетіп алмасам,
Деп шығамын «Тура жолға Алла сал!»
Ал, біреудің көрмейін деп жәбірін,
Сабырлықтың етегіне жармасам.
...Бекер болып соның бәрі, тез күйреп,
Шайтан болып шатастырар безбүйрек.
Мөлт-мөлт еткен тұнығымды ластайды,
Қисық-қыңыр, тікен-шөгір сөз билеп.
Айналайын мейірім мен ізгілік,
Іздеп жүрмін сар ізіңмен үздігін.
Жұт жылында жан сақтаған жарлымын,
Оу, шапағат, шамданбашы, бізді күт!...
Жүрген жерім құм бораған шөл менің,
Шеттерінен ызақорсың, шерлі елім.
Күбірлеймін күнде үйден шығарда,
Тұнығымның шақпайын деп шөлмегін!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жердің құрты – пенделердің бірімін өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Жердің құрты – пенделердің бірімін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жердің құрты – пенделердің бірімін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жердің құрты – пенделердің бірімін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері