Шабуыл алды
Шабуыл алды,
Таңға жақын.
Қолыма алып,
Дәрменімнің
Ең ақырғы
Жазған хатын
Отырдым мен:
Шомып ойға
Окобымда,
Жаздыкүні талауратқан
Қарап айға.
Қандай ыстық.
Хатың, қарғам?
«Қош, жан әке!»
Осы бір сөз
Шықты-ау жүрек
Қайнарынан.
Көрер ме едім,
Сол бір кезде,
Тұрды ма екен
Сағыныштың-жас моншағы
Келіп көзге.
Я, ұлым!
Неткен арман.
Сарғылт нүкте
Хат бетінде,
Болар ма ыстық
Жасың тамған?!
Сағындым ғой,
Жаным, Дәрмен,
Жарқын бейнең
Көз алдымда өшпес мәңгі
Жүрегімнен!
Тым ертерек,
Сәби кезің,
Талпындың сен
Маған қарап,
Күндей күліп қара көзің!
«Ә... Ә...» дедің,
Тоқтық тартып,
Мүмкін әлде,
«Әке!» дедің,
Мойныма қолыңды артып.
«Әке! Әке!...»
Неткен мақтан!?
Демек, демек:
Мен әкемін!
Сүй ұлыңды,
Сүйсін, шаттан...
Көктем,
Суға салып «кеме»
Көрдім сені,
Күліп тұрған
Ағынды өзен жиегінде.
Ұқсаттым мен,
Сені сонда,
Кешіп жүрген,
Океанды
Отты жүрек капитанға.
Күндей күлген,
Жарқын көзің
Аймағына
Сыйғызғандай - болды маған
Әлем жүзін.
Сүйсіндім мен,
Осы кезде,
Толқыны асау
Өр кеудемде...
Шалқып кетті
Мақтаныштың толқыны асау өр кеудемді.
Күз еді ол,
Әлі есімде,
Сағат сегіз,
Алып бардым
Сені тұңғыш
Мектебіңе...
«Қош келіпсіз,
Сіздің ұл ма?» болашақ,
Жан инженері» -деді, күліп
Мұғалима.
Шалқып кеттім,
Күлдің сен де,
Мақтаныштың
Жас моншағы іркілді де қалды, көзде...
Қалам ұстап,
Оң қолыңа
Тұңғыш рет
Жаздың ұлым:
«А» әріпін ақ қағазға...
Бара-бара, Азаматым,
Өз бетіңмен
Әріп тізіп,
Жаздың ұлы
Адам атын.
Неткен бақыт,
Неткен мерей?!
Ұлым Адам болды менің -
Жүрегімде күн күлгендей.
Кенет шұбап, ұшты аспанға,
Бұл не? қызыл ракеталар...
Демек, Әмір шабуылға!
AidavErjankuzi
Не деген коп олен ели ози