Сонар – Қуандық Шаңғытбаев

Бұл бетте «Сонар» атты Қуандық Шаңғытбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1758
Есіктің алды қан сонар.
Балалар ойнап шулайды.
Сонарда асыр салса олар,
Тулайды менде ну қайғы:
Балалық бір сәт сағынтып,
Әйнектен ұзақ қараймын.
Қаптатып бетке қалың түк,
Өтіпті-ау күндер талай мың.
Япырмау, мен де бір уақыт
Шынымен бала болдым ба?
Сонарда шана зулатып,
Домбығып қолым тоңдым ба?
Терезе бетті қариды,
Журекте сыздап шанышады.
Балалардан өзін таниды
Көңілдің балғын бал шағы.
Ойынның кезі сап болып,
Қартаяр әлі булар да,
Торлаған ойға тап болып,
Жанары толар мұнарға.
Бұтақтар сынбай тұр шаққа.
Параққа сонар барабар:
Келешек алыс ұрпаққа
Хат жазып жатыр балалар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері