Ей, туған жер, кіндік қаным жуған жер – Қуандық Шаңғытбаев

Бұл бетте «Ей, туған жер, кіндік қаным жуған жер» атты Қуандық Шаңғытбаев жазған туған жер туралы өлең берілген.

  • 21.03.2021
  • 0
  • 0
  • 4082
Ей, туған жер, кіндік қаным жуған жер,
Дізе түріп, дүзде қаңбақ қуған жер.
Түңғыш менің тұсауымды кескен жер,
Тәй-тәй басып өмірде алғаш тұрған жер!
Ен-тұрқыңды кейін көрдім, шалқарым
Ғарышкерім, дарқан диқан, малқарым,
Жарты әлемге жатқан жалпақ жайылып
Ақиқатым, мехрабым да алтарым!
Күнің қиыр тау Алтайдан атады,
Атырау барып, айдынына батады;
Өрісі кең, ырысы бай, мейірбан
О, туған жер, бақтиярлар отаны!
Бұйра-бұлғын боз көдесін қуған жел,
Самал түнді, сайран сабат, думан бөп
Көз тұндырған көлеміңнен айналдым
Қазақстан, ғажабстан, туған жер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері