Антарктида
Бұл бетте «Антарктида» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Екеуміздің демімізге тұншығып
Антарктида.
Көз ұшында көлбеңдейді алып мұз,
Түз желіне тоңбай біз-ақ қалыппыз.
Мұз үстінде еркелесіп, өбісіп,
Оқшауланып, құшақтасып алыппыз.
Антарктида.
Бес-ақ құрлық, бес-ақ түрлі кеңістік,
Алтыншысын мекен еттік, өбістік.
Тек мұзбенен құрсауланған бұл құрлық,
Тек біз үшін қапырық түз, ең ыстық!
Антарктида -
Бұл ғаламат Табиғаттың көрігі,
Оны келіп сүймесе де Африканың еріні.
Екеуміздің демімізге тұншығып,
Алып мұздың бір бөлігі еріді.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі