Аласа болмасын деп!
Бұл бетте «Аласа болмасын деп!» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қара түн дидарынан,
Ақ әлем жанарынан.
Мезгілден сый дарыған,
Кездерден жан арыған.
Перілер арбауынан,
Алыстап мұң түсінен.
Пенделер қармауынан,
Періште күлкісінен.
Ғашықтар ғазалынан,
Жасықтар жазар жырдан.
Адамдар ажалынан,
Қаулаған мазар қырдан.
Ең ұлы азаптардан,
Ақынның еркінен де.
Ғаламат ғажаптардан,
Жібектің көркінен де.
Сезімнің селінен де,
Бейуақыт тасығанда.
Төзімнің көлінен де,
Жанардың жасынан да.
Махаббат ортасынан,
Жүзінен сүйікті ойдың.
Жүректің картасынан,
Мен сізді биік қойдым!
Қазаны жиып қойдым,
Жаратқан қолдасын тек.
Мен сізді биік қойдым,
Аласа болмасын деп!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі